Биыл 22 қаңтардан бастап баға шарықтап кетпеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті шетелге шығаруға шектеу қойылған еді.
2022 жылғы 28 қаңтарда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге биылғы 1 мамыр айына дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.
ВАК шешімімен Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 44 бұйрығы шықты. Сондықтан кортопты шетелге алып кетуге квота бекітілген.