Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ өкілдеріне қатысты үкім шығарды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ өкілдеріне қатысты үкім шығарды
© РИА Новости / Илья Питалев
548
оқылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ЛГБТ – лесбиян, гей, бисексуал және трансгендерлерге қатысты үкім шығарды, – деп хабарлады діни басқарманың ресми сайтында Мүфтият шариғатта еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа баруы харам екенін айтып, оны «азғындықтың ең ауыр түрі, лағнеттелген ібліс шайтанның ісі» деп пәтуа шығарды. Сондай-ақ олардың ақыреттегі жазасы өте ауыр деген үкім айтты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, жыныс мүшені ауыстыру ер мен ердің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына жол ашады. Алла тағала адамзатты, тіпті жануарларды да еркегін ұрғашысына және ұрғашысын еркегіне құштарлы етіп жаратқандықтан бір жыныстағылардың өзара жыныстық қатынасқа түсуі адам жаратылысы мен табиғатына қайшы.
"Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет. Егер тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады", – делінген үкімде.