Оралда ер адам дүкендердің бірінен жарты миллион теңгенің телефондарын алып кеткен.
Оқиға 13 ақпанда болған. Оралдағы тонау видеоға түсіп қалған. Ер адам сатушы тұрғанына қарамастан, дүкенге кіріп, бірнеше ұялы телефонды алып шыққан.
"Ер адам 4 телефонды алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Тонаушы ұсталды. Ол Орал қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Дүкен иесі 480 мың теңге шығын келтіргенін айтты", - деді Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Полицейлер ер адам түсірілген видеоны жариялады. Ер адам алдымен дүкенде тұтынушылар жоқтығына көз жеткізген.