Қаңтар оқиғасы: 6 адам уақытша ұстау изоляторында көз жұмды
Қаңтар оқиғасы: 6 адам уақытша ұстау изоляторында көз жұмды
Фото: tass.ru
195
оқылды

Елімізде қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 6 адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды, – деп жазады Tengrinews.kz.

Бас прокуратураның арнайы прокурорлық қызметінің басшысы Ризабек Ожаровтың айтуынша, прокурорлар Талдықорғанда ыстық үтікпен азапталған ер адамның да арызын қараған.
«Бізде бар мәлімет бойынша, осындай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам және Талдықорғанда бір адам қайтыс болды. Сондай-ақ біз азаптау бойынша атышулы Талдықорғандағы істі қарадық. Осы деректер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Ризабек Ожаров.

Бұған дейін Президент Талдықорғанда арқасына үтік басылған белсендіге қатысты пікір білдірген еді.