Мәжіліс депутаттары Шымкент қаласының жастарымен кездесті
Мәжіліс депутаттары Шымкент қаласының жастарымен кездесті
256
оқылды
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Оспанов Берік Серікұлы, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Шымкент қаласының жастарымен кездесті.  Шымкент қаласында 14-35 жас аралығында 365,9 мыңнан астам жас тұрады. Яғни халықтың жалпы санынан 35%-ды құрап отыр. 7 ЖОО-да 76 мыңнан астам жастар және 37 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде 37 мыңнан астам жастар оқиды. Қалада 4 Жастар ресурстық орталығы, 173 жастар ұйымы, «Jas Otan» жастар қанатының 12 бөлімшесі жұмыс істейді. «Nur Otan» партиясының 35 жасқа дейінгі мүшелерінің саны бүгінгі таңда 8,3 мың жасқа жетті. (қаладағы партия мүшелерінің жалпы санынан 23,8%). Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастарға байланысты берген нақты тапсырмаларын талқылау мақсатында қала жастарымен, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас спортшылар, жас кәсіпкерлер, шалғай елді мекендердегі жастармен жүздесіп, маңызды тақырыптар қозғалды. Шымкент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа Қазақстанды құру үшін түсінікті әрі әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек»  – деді. Сондай-ақ, Президент еліміздегі жастардың шынайы мүмкіндіктері туралы ащы шындықты айтты. Нақтырақ айтсақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Өкінішке қарай, жастар маңдай терін төгіп, жұмыс істегісі келмейді. Өйткені, олар бізде адал еңбек лайықты бағаланбайды деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанын көріп отыр» – деп елдегі табысқа жетудің төте жолы осы деген қате түсініктің бар екенін нақты көрсетті. Кездесуде жастардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, жұмыссыздық, жаңа экономикаға қажетті кадр тапшылығын шешу, баспана,  секілді өзекті проблемаларды жоюда бірлесіп жұмыс атқару маңыздылығы айтылды. Жастар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтартарды халық қалауларына қоя отырып, өздерінің ұсыныс-тілектерін де жеткізді. Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Партия құрылған сәттен-ақ жанында Жастар қанатын құру туралы шешім қабылдап, әрдайым жастарды қолдап келеді. Қаншама ауқымды шаралар іске асырылып, нақты жобалар орындалды. Алдағы уақытта кемшіліктермен күресіп, Жаңа Қазақстанды құру жолында жастармен бірлесе отырып, жұмыстарды жалғастыратын болады.