Жарқын болашақтың іргетасын қаламақ
Жарқын болашақтың іргетасын қаламақ
336
оқылды
2022 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы, партия ТөрағасыҚасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін партияның кезектен тыс XXIІ съе­зінен еліміз үшін жарқын болашақтың іргетасын қалайтын, Жаңа Қа­зақстанды құрудың алғышарты ретінде тың бастамалар мен оң өз­герістер күтемін. Партия жұмысында жаңа жұмыс тәсілі белгіленіп, маңыз­ды реформалар қабылданатынына сенемін. Партия съезі қазіргі Қазақстан тарихында ел дамуының, оны демократияландырудың және пар­тиялық-саяси жүйені қайта құрудың негізгі бастамасы болары анық. Берік Бүгінде депуттатық корпус өңірлерде сайлаушылармен кездесулер өткізіп жүр. Сапар барысында «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы пы­сықталуда. Құжат алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапқан болатын. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. «Nur Otan» партиясы – мемлекеттілігіміздің институционалдық тірегі. Біздің партияның қоғамдағы барлық конструктивтік күштердің топтасуын қамтамасыз етіп, бар ресурсты жұмылдыра отырып, қоғамдағы тұрақ­тылықты сақтауға үлкен үлес қоса алатынына сенемін. Елдің дамуы үшін ең маңыздысы саяси тұрақ­тылық пен қоғамдағы келісім болса, «Nur Otan» партиясының басты мақсаты – халықпен жұмыс жүргізу, проблемаларын білу және оларды шешу үшін жағдай жасау, билік пен халықтың арасында конструктивтік қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Берік ОСПАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты

Аян

Съезден күтілетін үміт зор

«Nur Otan» партиясының съезі еліміз үшін маңызды саяси шешімдерді қа­былдайтын алаңдардың бірі екені бәрімізге белгілі. Әсіресе, Мемлекет басшысының соңғы уақытта жариялаған саяси өзгерістерге қатысты оның маңыздылығы арта түседі деген сенім бар. Қазір қоғам тарапынан, жалпы халық тарапынан осы саяси өзгерістер аясында мемлекет пен қоғам арасындағы әлеуметтік әріптестікті қайта қарау, жаңа форматта жұмыс істеу бойынша бірқатар жаңашылдық күтіледі. Сондықтан да қазір осы съездің тарихи мәні, оны саяси орта ретіндегі маңызы одан әрі арта түседі деп айта кету керек. Бүгіннің өзінде де біз депутаттық корпус­тағы бірқатар өзгерісті көріп отырмыз. Жалпы, партияның съезіне қоғам тарапы­нан, сайлаушылар тарапынан күтілетін үміт зор. Жиында нақты шешімдер қабыл­данып, олардың Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан деп жариялаған бағыты бойынша кең көлемді өзгерістердің бастауы болады деген сеніміміз бар. Таяуда әрбір өңірде «Nur Otan» партиясының конференциялары болып өтті. Ол жиындарда қазіргі маңызды өзгерістер мен ұсыныстар кең көлемде талқыланған болатын. Менің ойымша, съезде өңірлерден қатысатын партия мү­шелері жер­гілікті мәселелерді нақты көрсетіп, ұсыныстар беруі керек. Бұл съездің күн тәртібінде талқы­ланып, белгілі бір шешім қабылдауға негіз болмақ.

Аян САКОШЕВ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры