Индербор кентінің Астана көшесінде тереңдігі 30 см-ге жететін еріген қар суын сорғыту жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы.
Су сорғыту жұмыстары Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімшілік қызметкерлерінің күшімен сағат 20.45-ке дейін жүргізілген.
"Барлығы 110м3 су сорылды. Жарсуат ауылының Ж. Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30см болатын еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға аудандық әкімшілік қызметкерлері тартылды. Жұмыс сағат 20.45-ке дейін жүргізілді. Барлығы 78 м3 су сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды», - делінген хабарламада.