Украинаның Львов қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін ертең автобус ұйымдастырылады.
«Құрметті Қазақстан республикасының азаматтары! 2022 жылғы 28 ақпан күні таңертең сағат 09:30-да Қазақстанның Украинадағы елшілігінен Львов қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін автобус жіберіледі», - деп жазылған елшіліктің Telegram парақшасында.
Хабарламада айтылғандай, автобусқа 50 сыяды. Елшіліктің мекенжайы Ю.Ильенко көшесі 26, байланыс телефондары +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08
«Маңызды ақпараттарды Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әлеуметтік желі және мессенджерлердегі парақшасынан біле аласыздар. Инстаграм – kazenbukr, Фейсбук – KazEmbassyUkr», - дейді елшіліктен.