Ақтауда мотоцикл жүргізушісін қағып, ізін жасырған жүргізуші бейнекамера арқылы ұсталды
Ақтауда мотоцикл жүргізушісін қағып, ізін жасырған жүргізуші бейнекамера арқылы ұсталды
398
оқылды
Ақтауда мотоцикл жүргізушісін қағып, артынша ізін жасырған жүргізуші бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мотоцикл иесінің қасында бала болған, деп хабарлайды Lada.kz сайты Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері мотоциклді қа,ып оқиға орнынан қашып кеткен «ГАЗель» жүргізушісін ұстады. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шеккен мотоцикл жүргізушісі, 53 жастағы Жанғабыл Бисенов пен оның 10 жасар ұлының туыстарының айтуынша, қылмысты ашуға сыртқы бейнебақылау камералары көмектескен. Күрделі отадан кейін мотоцикл иесінің аяғы мен иығына гипс таңылған.