Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады
Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы мәлімдеме жасады
Фото: mail.kz
335
оқылды

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасады.

Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп, теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады. Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында ашылады. Бұл шаралар уақытша, сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа қысымды азайту қажет екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, қазір сыртқы қаржы нарықтарындағы айқындалмаған шарттар өзгергеніне байланысты Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп, 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін.

Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық туралы ақпарат ресми хабар тарату арналары арқылы уақытылы жеткізілетіні айтылды.