Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото: jumper.su
266
оқылды

«Қазгидрометтің» болжамынша, 1-3 наурыз аралығында ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар жауып, боран болып, жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.
«Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2...10 градус аязға дейін, күндіз 2...15 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15...20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0...10 градус аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0...8 градус аяз, күндіз 5...15 градус жылы болады» делінген хабарламада.

Осыған дейін көктемде ауа райы жауын-шашынды болатынын хабарлаған болатынбыз.