Мың түрлі мүмкіндіктер мен сәттіліктер заманында мультимиллионер болу үшін табысты бизнес ашудың немесе қазына толы сандық іздеудің қажеті шамалы. Сәттілік серік болып, бағы жанғандар «TeleBingo» лотереясына қатысып та олжалы бола алады. Жалпы ұтыс лотореяларына қатысып, аяқастынан миллионер атану тәжірибесі әлемнің барлық дерлік елінде қалыптасқан. Біздің елімізде мұндай лотерея (супербинго қоры) арқылы 230 миллион 900 мың теңгеге дейінгі ақшалай ұтыс қарастырылған.
Қазақстандағы ұтыс ойындары нарығында «TeleBingo» лотореясы көптен бері бар. «TeleBingo» көрерменге жол тартқан алғашқы жылдары лотерея көпшіліктің көңілінен шықты. Уақыт өте лоторея билетін сатып алушылардың да саны азая бастады. Соған қарамастан қазір де «TeleBingo» қазақстандықтар арасындағы ең танымал лотерея болып табылады. Өйткені «TeleBingo»-ға қатысып, қомақты ақшалай және заттай сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік бар. Қазір ұтыс ойындарын «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотореясы жүргізеді. Ол телекөрермендер арасында «TeleBingo» атымен танымал. Бұл бағдарлама әр жексенбі күні таңғы сағат 09:00-де «31 арна» эфирінде өтеді.
Өткен жылдың өзінде «TeleBingo»-ның «Бинго» санатындағы жүлде қоры 189 миллион 514 мың 744 теңгені құрады. Ұтыс ойындарының нәтижесінде 61 адамның бағы жанып, қомақты ұтысқа ие болды. Мұнан бөлек лотереяға қатысушылар арасында төрт пәтер ойнатылды.
Лотерея ойындарының ережесі өте қарапайым. Ал билеттің бағасы бар болғаны 500 теңгеге тең. Ойын алаңында 1-ден 90-ға дейінгі 15 сан шашыраңқы түрде, 3 жолда және 9 бағанда орналасқан. Ұтыс ойыны кезінде лототрон кездейсоқ ұтыс нөмірлерін таңдайды. Билетіндегі сандардың басым бөлігі лототроннан шыққан шарлармен сәйкес келген қатысушы жеңімпаз атанады. Тираж бірнеше турдан тұрады. Әр тур белгіліленген жүрістер санынан тұрады. Мұндағы 1 жүріс дегеніңіз лототроннан құлаған шарды білдіреді. Егер қатысушы белгілі бір жағдайларға байланысты эфирді көре алмаса, онда нәтижелерді арнаның веб-сайтындағы «Тираждар мұрағаты» бөлімінен және лотерея билеттерін сату орнындарынан білуге болады.
«TeleBingo» лотереясы жеңімпаздарының жасы әрқилы болады. Олардың қатарында алматылық зейнеткер Сәуле Терлікбаева бар.
– Мен өзімнің ұтыс билетімді өткен жылдың қазан айында алдым. Күн бейсенбіге түскен. Жалпы аптаның дәл осы күнінде менің жиі жолым болады. Түйсігім бұл жолы да алдамапты. Бейсенбі күні сатып алған билеттің арқасында 3 миллион 686 мың теңге ұтысқа ие болдым. Негізі мен «TeleBingo»-ның бір де бір шығарылымын жібермеймін. Лотореяға 10 жылдан бері қатысып келемін. Барлығына сәттілік пен қомақты ұтыс тілеймін, – деді ол.
Ережеге сай егер сіз 100 мың теңге көлеміндегі ұтысқа ие болсаңыз ұтысыңызды жергілікті жердегі «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының кез келген сату нүктесінен ала аласыз. Ал лотерея сайтында жеке кабинеті бар ойыншылар бұл сомадағы ұтысын алу үшін ешқайда барып әуреге түсудің қажеті жоқ. Оны өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен алуға болады. Егер ұтысыңыз 100 мың теңгеден артық болса, онда оны банк картасына жібереді. Олжаңызды алуға барар алдында жеке куәлік пен IBAN шотының нөмірін қоса алып шығуды ұмытпаңыз. Ұтысыңызды сол сәтте алу мүмкіндігі болмаса асығудың қажеті шамалы. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап 6 айға дейін күтеді. Бірақ осы аралықта ұтысын алуға келмеген жеңімпаздардың олжасы мемлекетке тапсырылатынын да ескерген жөн.
Сондай-ақ заңға сай сомасы 18 мың 378 теңгеден асатын ұтыстарға жеке табыс салығы салынады. Бұл орайда ұтыс иегері ҚР резиденті болса жеке табыс салығы 10 пайызды, ал резиденті болмаса 20 пайызды құрайды.
«TeleBingo» лотореясы барысында жиі акциялар ұйымдастырылып тұрады. Мысалы құны 2 500 теңге болатын 5 билет сатып алғандар бәске пәтер тігілетін ұтысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.
«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының «TeleBingo»-дан басқа да қызықты жобалары бар. Мәселен апта сайын сәрсенбі және сенбі күндері «LOTO 6/49» лотереясы өткізіледі. «LOTO 6/49» лотореясының тарихында 2020 жылдың 21 қарашасында алғаш рет 109 миллион теңгеден астам сома бәске қойылды. Бұл лоторея тарихындағы ең қомақты сомаға жатады. Оны Ақтау қаласында тұратын зейнеткер ұстаз иеленді. Ал 29 қаңтарда «LOTO 6/49»-да 74 миллион 770 мың 300 теңге супер жүлде ойнатылды. Оны Нұр-Сұлтан, Семей және Талдықорған қалаларының тұрғындары иеленді. Олардың әрқайсысының ұтысы 25 миллион теңгеге жуықтайды. Сондай-ақ әрбір екі айда «LOTO 6/49» лотосы шеңберінде бәске Toyota Camry автокөлігі тігілетін ұтыс ойындары өткізіліп тұрады. Бұл ұтыс ойынына 6 «LOTO 6/49» билетін сатып алғандар қатыса алады. Өткен жылдың қазан айында ұтыс ойынына қатысқан Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Мырзахметовтің бағы жанды.
– Мен 20 жылдан бері лотереяға қатысып келемін. Соңғы ойында жеңіске жететініме сендім. Үмітім ақталып, су жаңа «Toyota Camry 75» маркалы автокөлік жеңіп алдым. Жасыратын несі бар, ұтысқа ие болар сәтте жұмыссыз едім. Соған қарамастан өзіме деген сенімділікті жоғалтпадым. Расында мен күткен сәттілік дәл уақытында келді, – дейді қуанышымен бөліскен Асқар.
2 ақпанда өткен көліктің ұтыс ойынында Алматы қаласының тұрғыны бақыт билетінің иесі атанды. Су жаңа автокөліктің кезекті иесі 16 сәуірде анықталды. Жыл соңына дейін «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясында барлығы 6 автокөлік бәске тігіледі.
«Сәтті Жұлдыз»-дағы «5/36» лотереясында басқа ұтыс ойындарына қарағанда жеңіске жету ықтималдығы жоғары. Лотореяның бұл түрінде орташа есеппен екі айда бір қатысушылар қомақты сома жеңіп алады. Соңғы рет «5/36» лотереясында джекпот 2021 жылдың қазан айында ойналды. Сол кезде джекпот сомасы 12 миллион 216 мың 500 теңгені құрады. Ал 2021 жылдың тамыз айындағы джекпоттың көлемі 16 миллион 483 мың 300 теңгеге жетті. Ірі көлемдегі ұтысты Алматыдағы шіркеулердің бірінде аспаз болып жұмыс істейтін Олег есімді жігіт қанжығасына байлады. Ол да лотереяға 20 жылдан бері үзбей қатысып келгенін айтады.
– Лотерея ойындары мені әлдебір рахатқа бөлейді. Ара-тұра қалтаға салмақ салмайтындай сомада билет сатып аламын. Кейде сәті түсіп жеңімпаздардың қатарынан да көрініп жүрдім. Ал бұл жолғы ұтысымды барлық несиемді жауып, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсадым, – деді Олег.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген әлеуметтік сауалнама кезінде респонденттердің 37,3 пайызы лотереяғаға қатысатынын растаған. Сөйте тұра олардың 90 пайызы өздерін ұтыс ойындарына тәуелді деп санамайды. Сұратылғандардың жартысынан көбі (75 пайызы) айына билет сатып алуға 5 мың теңге жұмсайтынын мәлімдеген екен. Ең қызығы сауалнамаға қатысқандардың жартысы лотерея билеттерін сатып алуда жеңіске жету маңызды еместігін айтқан.