LIVE: Ресей – Украина соғысы. 6-күн
LIVE: Ресей – Украина соғысы. 6-күн
©А.Ахметқазы
679
оқылды
19:21 - Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қосылған кезде залдан 140 дипломат шығып кетті.  18:22 - Еуропарламент басшысы Украинаның Еуропалық одаққа кіру туралы өтінішін қабылдады. 16:30 - БҰҰ-ның хабарлауынша, Украинадан көрші елдерге 600 мыңнан астам адам қашқан. 2021 жылғы дерек бойынша, Украина халқының саны 41 миллионнан асады (Қырым, Севастополь, Донбастың кей бөлігін есепке алмағанда). 16:15 - Санкцияға ұшыраған ресейлік банктер жаңа Visa және Mastercard карталарын шығара алмайды. Енді берілген карталарды тек Ресейде қолдануға болады. 15:52 - Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бірқатар мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Еуроодақ елдері ашық диалогтан қашып, санкция жолын таңдады.
"Бірқатар Еуропа елінде америкалық ядро қаруының болуы Ресей үшін қолайсыз. Оны АҚШ-қа қайтаратын уақыт келді. Сонымен бірге Ресей ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша конференция әлі де өтеді деп үміттенеді", – деді Сергей Лавров.
15:02 - "Новая газетаның" дата бөлімі Украинадағы соғыстың картасын жариялады. Астана уақытымен 12:00-дегі дерек бойынша, қазір бес жерде (Киев, Харьков, Херсон, Мариуполь, Волноваха) қарулы қақтығыс пен жарылыстар болып жатыр.  [caption id="attachment_186206" align="aligncenter" width="1200"]Украинадағы соғыс ошақтары, 1 наурыз, 12:00 Украинадағы соғыс ошақтары, 1 наурыз, 12:00. Дереккөз: "Новая газета"[/caption] 13:27 - Росавиация Ресей азаматтарына қызмет бабынан басқа мақсатта шетелге шықпауға кеңес берді. Ал елге ресейліктер үшін әуе кеңістігін жаппаған Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Катар, БАӘ немесе Түркия арқылы немесе Латвияға, Литваға, Польшаға, Финляндияға ұшып, сол жақтан жер үсті көлігімен жетуге болатынын хабарлады. 12:13 - Рамзан Қадыров Украинадағы Шешенстан әскери күштерінің шығынын айтты. Оның айтуынша, екі адам қайтыс болды, алты адам жарақат алды. - Ресейде соғысқа қарсы акцияға шыққан 6440 адам ұсталды. ОВД-Инфо мәліметінше, Мәскеуде кем дегенде - 3126 адам, Санкт-Петербургте 2084 адам ұсталған. - Владимир Зеленский Ресеймен келіссөзде Украинаны қанағаттандыратын нәтижеге әлі қол жеткізбегенін айтты. Оның хабарлауынша, келіссөз жүріп жатқанда да Украинаға шабуыл тоқтамаған. Ресейлік әскерилер Харьковты реактивті артиллериямен атқылаған. - Украина қалаларын атқылау әлі жалғасып жатыр. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, Харьков пен Чернигов маңындағы ауылдарға град пен жарылғыш бомбалар тасталды. Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтің дерегінше, кем дегенде 11 адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алды. - Жапония Владимир Путинге, Дмитрий Медведевке, Сергей Лавровқа, Сергей Шойгуға, Николай Патрушев пен Валерий Герасимовқа қарсы санкциялар енгізді.  - Mastercard Ресейдің көптеген қаржы ұйымдарын өшірді. - Disney, Warner Bros және Sony Pictures компаниялары ресейлік фильмдердің премьерасын тоқтатты. - Volvo, Volkswagen, General Motors, Harley-Davidson, Daimler Trucks және Scania Ресейге көлік жеткізуді тоқтатты. - Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтары отырған алғашқы рейс Алматыға қонды. [gallery columns="1" size="full" ids="186173,186172,186174,186175,186176"] Ресей мен Украина соғысы неден, қалай басталғанын мына сілтемеден оқи аласыз.