Қазақстанда 190 запастағы офицер әскери қызметке шақырылды
Қазақстанда 190 запастағы офицер әскери қызметке шақырылды
© elorda.info
354
оқылды
Үкімет 2022 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен запастағы офицерлерді Қазақстанда әскери қызметке шақырды. 
"Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын", – делінген қаулыда.
Құжаттың қосымшасына сәйкес, әскери қызметке 190 запастағы офицер шақырылған, соның ішінде 150 адам Қарулы Күштерге, 40 адам ҰҚК шекара қызметіне шақырылған. Осы қаулы 11 наурыздан бастап күшіне енеді.