ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресей арасындағы шиеленіске қатысты Twitter-де пікір білдірді.
Өз жазбасында Президент екі мемлекетті өзара диалогты ары қарай жалғастыруға және мәселені бейбіт жолмен шешуге барынша күш салуға шақырды. Президент одан басқа жол жоқ деп санайды.
«Жақсы жанжалдан, жаман бітім артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда өз жәрдемін көрсетуге дайын. Украинадағы ахуалға қатысты біз екі елді де диалогқа қол жеткізу үшін бүкіл күш-жігерді жұмсауға және бейбіт реттеу ісін бастауға шақырамыз. Басқа жолы жоқ», – деп жазды Қазақстан Президенті Twitter парақшасында.