Кері байланыстың берері көп
Кері байланыстың берері көп
272
оқылды
– Саяси алаңдағы бүгінгі ең басты мәселе – заман талабына сай қоғам талаптарын ескеру. Бұл тұрғыдан әрбір саяси институт өзгерістерге бейім болуы керек. Мұндай өзгерістерден, әсіресе халық мүддесін негізге алатын саяси партиялар тыс қалмағаны жөн. Саяси партия теориясына сәйкес, партияның сыртқы және ішкі қызметтері болады. Ішкі қызметтері партияның құрылымы мен қаржыландырылу мәселелерін қамтыса, оның сыртқы қызметі халықпен қарым-қатынас орнатып, олардың мақсат-мүдделерін негізге ала отырып, билікке ұмтылуға бағытталған. Сондықтан да кез келген саяси партияның басты күші – халық. Партияның партия болуы халыққа байланысты десек, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу де партияның басты міндетіне жатады. «Nur Otan» партиясының бүгін ұсынған модернизация жоспары халық үнін тыңдау мен билік институттарына жеткізуге басымдық бергенімен ерекшеленеді. Мысалы, партия кері байланыс жасаудың тиімділігін арттыру, шет аймақтарда партиялық қабылдаулар ұйымдастырмақ. Бұдан бөлек, қоғамдағы ахуалды бағалау үшін «Әлеумет» жобасы іске асады. Бастысы, азаматтардың ұсыныстарын онлайн форматта бақылау жүйесі енгізіледі. Расында, елдегі жетекші партияның аудиториясы ауқымды. Мүшелерінің саны да жеткілікті. Электорат та бар. Партия осы аудиторияның ғана ойын жинап, мәселелерді саралап, жергілікті атқарушы органдар арқылы оларды шешуге бағытталған жұмысты жолға қоя алса, қоғамдағы көптеген «қызу нүктесін» азайта алады.

Индира РЫСТИНА, Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер  институтының  аға ғылыми қызметкері