Бұл туралы Украинадағы Қазақстан елшісі Дархан Қалетаев айтты.
Елшінің айтуынша, 1 наурызда Киевте телемұнара маңында жарылыстар болған. Қазақстан елшілігі зымыран жарылысы болған жерден 800 метр жерде болған.
"Түні бойы жарылыс дауысы естілді. Біздің барлық азаматтар жертөледе болды. Қазақстандықтар арасында зардап шеккендер жоқ", -деді Дархан Қалетаев журналистерге.
Елшінің айтуынша, Қазақстан елшілігін оқшаулау мәселесі қазіргі уақытта қарастырылып жатқан жоқ.
Украинадағы Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның Украинадағы елшілігінің ұйымдастыруымен азаматтарымыз мінген тағы 3 автобус Киевтен Львовқа жолға шықты.