Нұр-Сұлтанда көлігіне "Z" белгісін жапсырған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды
Нұр-Сұлтанда көлігіне "Z" белгісін жапсырған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды
286
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы жүргізушілердің біріне көлігінің артқы әйнегіне саяси белгі жазғаны үшін айыппұл салынды.

Мұндай белгі Украинаға кірген Ресейдің әскери техникасына қойылған, деп хабарлайды Экспресс К.
Елорда көшесінде "Z" белгісін жапсырған көлік жүргізушісінің әрекеті әлеуметтік желіде тараған. Желі қолданушылары наразылық білдіргесін полиция оны іздеуге кірісті.
"Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік кодекстің 590-бабы, 5-бөлімі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша хаттама толтырылды. 5 АЕК, яғни 15315 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Белгі толық өшірілді",— деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.