Украинаның 1 млн тұрғыны көрші елдерге босып кетті
Украинаның 1 млн тұрғыны көрші елдерге босып кетті
© azattyq-ruhy.kz
434
оқылды
Украинаның 1 миллион тұрғыны көрші елдерге босып кетті. Бұл бір аптадағы көрсеткіш. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Гранди осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлады "Хабар24"
Босқындар негізінен көршілес Венгрия, Молдова, Польша, Румыния мен Словакияға кетіп жатыр. Чехияға 30 мыңнан астам украиналық табан тіреген. Қалың нөпірге байланысты Чех үкіметі елде төтенше жағдай жариялады. Ерекше режим ертеңнен бастап күшіне енеді. Словакияға жеткен босқындар тұтас қалалардың күйреп жатқанын айтады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинадан қашқан босқындар барып жатқан елдерде гуманитарлық дағдарыс басталуы мүмкін деп қауіптенеді. Болжам бойынша, жақын күндері Украинадан еріксіз қоныс аударғандар саны 4 миллионға жетуі мүмкін.