Алматыдағы бункердің бірінде адасып кетуге болады
Алматыдағы бункердің бірінде адасып кетуге болады
©caravan.kz
211
оқылды

Елімізде болған «қасіретті қаңтар» оқиғасы, Ресей мен Украинадағы шиелініс ел ішінде алаңдаушылық туғызғаны рас. Тіпті, бәрімізді «алда-жалда соғыс болса қай жерді паналаймыз? Бас сауғалап, жан сақтайтын жер бар ма» деген еріксіз ойға қалдырды. Әсіресе ірі шаһарларда, халық тығыз орналасқан аймақтарда ел қауіпсіздігі қалай қорғалатыны сөз болуда. Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы бұл тұрғыда ерекшелене алады. Себебі мұнда метро бар. Сондай-ақ Кеңес үкіметінен қалған бункер тектес ғимараттар өте көп. Солардың бірі – назарларыңызда.

Мәселен, бір бункер Алматының төменгі жағында орналасқан екен. Олардың нақты мекенжайы көрсетілмей, құпия сақталады. Бұл кеңес заманында зауыт болған. Жертөледегі есіктердің бәрі зілбатпан темірден қойылған. Ішінен құлып салынады. Негізі ғимараттың іші кең даладай. Дәлізі көп, бейне бір лабиринттің іші секілді. Білмесеңіз, адасып кетуге болады. Жалпы бункерге кіретін үш жолы болады екен. Дәретханамен бірге, жуынатын да бөлмесі бар. Тек ішіне судың қалай келетіні белгісіз. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, бұл бункер азаматтық қорғаныс кезінде  тасымалдауға келмейтін науқастар мен денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық және қызмет көрсету қызметкерлерін қорғау үшін жасақталған. Сондай-ақ азаматтық қорғаныс санатына жататын ұйымдары қорғауға арналған. Онда да халық қарапайым, ешқандай қарумен жасақталмаған жерді паналайды. Атап айтсақ, жертөлелер немесе ғимараттың жертөлесі, жерасты паркингтері, метрополитендер мен шахталарды паналайды.