Атымен бірге заты да өзгереді
Атымен бірге заты да өзгереді
259
оқылды
Ребрендинг – тек маңдайшадағы жазуды ауыстыру емес. Қоғамдық санадағы өзгеріс өміріміздің барлық сала­сын қамтуы – заңдылық. Бұл орайда партия да назардан шет қалмайды.  Ал партияның жаңа атауы «Amanat» зор жауапкершілік пен міндеттер жүктейді. Дінде жанның өзі тіршілік иесіне аманат деп жатады. Мемлекеттік көзқарас тұрғысынан алып қарасаңыз да бұл атау зор жауапкершілік жүктейді. Біле білгенге аманаттың жүгі ауыр. Сол үдеден шығу үшін «Nur Otan»-ның озық үлгісін алуымыз керек. 23 жыл ішінде «Nur Otan» да ел дамуына елеулі үлес қосты. Қазір «Amanat» партиясының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Сөз жоқ, бұл тұжырымдамада «Nur Otan»-ның озық тәжірибелері ескерілуі қажет. Жақсы партия бәсекелестік ортада көрінеді. Халықтың мүддесін көздеп, мәселесін шешуді мақсат еткен партия өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Бір сөзбен айтқанда, партияның атымен бірге затының да өзгергені маңызды. Саяси құрылымның жоспары мен бағдары айқын болғанда ғана ол халықтың зор сеніміне ие бола алады.