Қаңтар оқиғасы: Шымкентте елу полицей жараланған
Қаңтар оқиғасы: Шымкентте елу полицей жараланған
Фото: nur.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкенте де полицейлер жарақат алған, - деп хабарлайды AstanaTV.

Басы жарылып, мұрны сынғандар аз емес. Қолға түскен тас, темірмен тарпа бас салған бейберекетсіздікте кемі елу полицей түрлі дене жарақатын алған. Екеуіне оқ тиген. Соның бірі – патрульдік полиция полкінің инспекторы Ақжан Алтынбеков. Ол қаңтардың бесінен алтысына қараған түні ол әріптестерімен бірге қалалық әкімдікті қорғауға барған.
Шымкент қалалық ПД ЖПҚ патрульдік полиция полкінің инспекторы Ақжан Алтынбек: «Сағат тоғыздың шамасында тәртіпсіз топ бізге лап беріп әкімдікке, біз соларға басу айтып алдынан шыққан уақытымызда бізге тас жаудырып, түрлі дене жарақатын берді. Сол жерде біз әкімдікті қорғап командирдің бұйрығымен, генералдың өзі бізге рациямен шығып бізге түрлі бағыт-бағдар берді. Генералға алғысым шексіз. Сағат ондар шамасында сол топтың арасынан оқ тиді», – деді.
Травматикалық тапаншадан атылған оқ Ақжанның оң аяғы мен беліне тиген. Сол жерде есінен айырылған сақшыны әріптестері сүйреп шетке алып шыққан. Жансақтау бөлімінде жарты тәуліктен соң ғана есімді жидым деп еске алды. 23 жастағы сақшы екі аптадан кейін ес жиған. Ұзақ емделіп, енді ғана қызметіне қайта кірісті.

Бұған дейін Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қаңтар оқиғасы кезіндегі шабуыл туралы айтып берген болатын.