Қазақстанда халықаралық жүйе арқылы ақша аудару 21%-ке көбейді
Қазақстанда халықаралық жүйе арқылы ақша аудару 21%-ке көбейді
Фото: kapital.kz
851
оқылды

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанда 8 халықаралық ақша аударымы жүйесі (Золотая корона, Вестерн Юнион, Юнистрим, Contact, Faster, MoneyGram және басқалар) жұмыс істейді.

Осы жүйелер арқылы жіберілген ақша аударымдарының жиынтық көлемі 2021 жылы 1,364 трлн теңге болды. Транзакциялар саны – 4,3 миллион. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21%-ға өскен. Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 28,3%-ға артса, шетелден Қазақстанға – 1,2%-ға қысқарды. Ел ішіндегі ақша аударымдарының көлемі 35,4%-ға ұлғайып, 70,4 млрд теңге болды.    width= 2021 жылы Қазақстаннан шетелге ХААЖ арқылы жіберілген ақша аударымдарының көлемі – 1,010 трлн теңге. Шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының негізгі үлесі Өзбекстанға (29,5%), Түркияға (20,9%), Ресей Федерациясына (17,5%), Қырғызстанға (14,3%) тиесілі. Шетелден Қазақстанға өткен жылы 283,5 млрд теңге келіп түскен.    width= Қазақстанға ақша аударымдары негізінен Ресей Федерациясынан (18,7%), Өзбекстаннан (17,6%), Оңтүстік Кореядан (14,0%), Қырғызстаннан (12,0%) және АҚШ-тан (11,8%) болды.

Бұған дейін Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейгенін жазған болатынбыз.