БҚО-да қолына қару ұстаған әкім видеоға түсіп қалды
БҚО-да қолына қару ұстаған әкім видеоға түсіп қалды
229
оқылды
Батыс Қазақстан облысында ит атқан ауыл әкімі видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Оқиға 2 наурыз күні шамамен сағат 13.15-те Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде болды. «Венойл» жанар-жағармай стансасында 1966 жылғы ер адам пневматикалық қарудан иттерге екі рет оқ атқан. Алайда көзі нашар көретіндіктен, тигізе алмаған. Иттердің қаңғыбас екендігі анықталды.
«Аталмыш дерек Тасқала ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Тексеріс қорытындысында ер адамның іс-әрекетінде әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық белгілері жоқ болып шықты. Ер адам Достық ауылдық округінің әкімі болғандықтан, материал тәртіптік комиссия отырысында қарау үшін Тасқала ауданы әкімдігіне жіберілді. Соның қорытындысына сәйкес құқықтық баға беріліп, тиісті тәртіптік шара қолданылады», – делінген хабарламада.
Ауыл әкімі оқ атқан сәт видеоға түсіп қалған. https://www.youtube.com/watch?v=BohAtlrvsQo