Зеленский Путиннің өзін тікелей келіссөздерге шақырды
Зеленский Путиннің өзін тікелей келіссөздерге шақырды
© rbc.ru
325
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский 3 наурызда өткен баспасөз мәслихатында Батыс елдерін Украинаға әскери көмекті арттыруға шақырды.  Сондай-ақ Украина көшбасшысы соғысты тоқтату үшін Ресей басшысы Владимир Путинді тікелей келіссөздерге шақырды.
“Макронмен, Шольцпен кездескендегідей 30 метр қашықтықта емес, жақын отырып сөйлесейік. Біз сізбен көршіміз ғой! Мені өзіңізден алыс ұстаудың қажеті жоқ. Мен қауып алатын ит емес, қарапайым адаммын. Менімен отырып әңгімелесіңіз, не үшін қорқасыз? Біз ешкімге қауіп төндіріп отырған жоқпыз, біз террорист емеспіз ғой”, – деді Зеленский.
Бұған дейін Украина мен Ресей келіссөздерінің екінші кезеңінде қандай келісімге қол жеткізілгені туралы жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=UGM2PzsFVHg