«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
5 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с.
6 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде). 6 наурызда солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с және одан асуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі.
7 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі. Күндіз 5-6 наурызда ауа температурасы 0...+5 градустан +2...+7 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі.
Нұр-Сұлтанда 5 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады 15-20 м/с, облыстың батыста, шығыста және орталығында екпіні 23-28 м/с. Атырауда 5 наурыз батыстан жел соғады, 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
5-7 наурыз аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында, оң мәнді ауа температурасы мен қатты жауын-шашын болжамдарына сәйкес қарқынды қар еру, баурайлық ағын суы қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
5 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең 5 наурызда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
5 наурызда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
5 наурызда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, орталық бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскеменде 5 наурызда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады.
Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында және орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың шығысында мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде 25 м/с күтіледі.