Қостанайда оқушылар отырған автобус өртеніп кетті
Қостанайда оқушылар отырған автобус өртеніп кетті
181
оқылды
Оқыс оқиға мектепке бара жатқан жолда орын алған. Түтіннің иісін сезген мұғалім балаларды автобус салонынан алып шықққан. Ешкім зардап шеккен жоқ, – деп хабарлайды "Алау" басылымы.
Асенкритовка ауылының балалары көрші ауылдың мектебіне автобуспен қатынап оқиды. Автобус 3 наурызда мектепке барар жолда өртенген. Оқушылардың ата-аналары атап өткендей, автобус өте ескі. Жиі жөндеуде тұрғандықтан балалар қашықтан оқуға мәжбүр. Облыстық ТЖД мәліметінше, аудандық білім бөліміне тиесілі "ПАЗ" маркалы автобуста электр сымдарының тұйықталып, өрт шыққан.