Қазақстанда әйелдердің 3%-ы ғана үй шаруасына күніне бір сағат арнайды
Қазақстанда әйелдердің 3%-ы ғана үй шаруасына күніне бір сағат арнайды
Сурет: depositphotos.com
613
оқылды

Сауалнама нәтижесі Қазақстанда гендерлік теңсіздік патриархалды тәртіп пен гендерлік стереотиптерге, сондай-ақ, әйелдерді қолдау бойынша мемлекеттің нақты шараларының жоқтығына байланысты екенін көрсетті. Бұл – ақысыз еңбектегі теңсіздікке әкеледі, – деп хабарлады MediaNet.

  • Күн сайын үй шаруасына 6 сағаттан артық уақыт жұмсайды – 44%;
  • 3-4 сағат – 14%;
  • 2-3 сағат – 12%;
  • 4-5 сағат – 11%;
  • 5-6 сағат – 9%;
  • 1-2 сағат – 7%;
  • бір сағаттан аз уақыт – 3%.
Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік алшақтық рейтингінде Қазақстанның позициясы жыл сайын нашарлап келеді. 2021 жылы еліміз 80-орынға тоқтап, бір жыл ішінде позициямыз 8 рет төмендеген. Гендерлік теңсіздіктің негізгі себептерінің бірі — ақысыз еңбек мәселесі. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемде әйелдер ерлерге қарағанда ақысыз еңбекке үш есе көп уақыт жұмсайды. Гендерлік теңсіздікті азайту үшін ақысыз еңбектің экономикалық құндылығын өлшеу және әйелдердің еңбек нарығына шығуына ықпал ететін шараларды қамтамасыз ету қажет.  width= MediaNet сауалнамасы аясында Қазақстанда үш негізгі фактор бойынша әйелдердің ақысыз еңбегі туралы қоғамның ойы анықталды:
  • ақысыз әйелдер еңбегінің үлесін мойындау;
  • жұмсалатын уақытты анықтау;
  • гендерлік теңсіздікті жеңуге арналған шараларды айқындау.
 width= Алынған мәліметтер негізінен әйелдер ақысыз жұмысты орындайтын қазақстандық отбасылардың дәстүрлі өмір салтын растайды. Сонымен қатар, респонденттердің көпшілігі әйелдердің ақысыз еңбегінің құндылығы мен үлесін мойындап отыр. Әйелдердің жұмысқа шығуын ынталандыру жөніндегі қолданыстағы шаралар жеткіліксіз екенін атап өту маңызды. MediaNet сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 87%-ы әйелдердің ақысыз еңбегінің үлесін қоғамдық және мемлекеттік деңгейде бағалау қажет екеніне сенімді. Респонденттердің тек 9%-ы әйелдердің ақысыз еңбегінің құндылығын мойындау маңызды деп санамайды. Сауалнама аясында респонденттерден өз отбасындағы әйелдердің міндеттерін атау сұралған. Отбасылардың 93%-ында тамақ дайындау және тамақтандырумен әйелдер айналысатыны белгілі болды. Сондай-ақ, әйелдер үй жинауға, кір жууға (91%) және балаларға не отбасы мүшелерін (88%) күтуге жауап береді.  width= Тізімдегі “әйелдердің айналысатын” басқа жұмыстары:
  • азық-түлік сатып алу және шоттарды төлеу – 71%;
  • үй жануарларына, бақшаға күтім жасау – 53%;
  • мансап қуу және отбасын қаржымен қамтамасыз ету – 32%;
  • отбасы мүшелерін тасымалдау – 19%.
(Бұл сұрақта сегіз жауаптың бірнеше нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілді). Қазақстандағы қоғамда қалыптасқан гендерлік рөлдер тек “еркектік” міндеттерді айқындайтынын атап өту маңызды.  width= Сондай-ақ, сауалнама барысында қазақстандықтардың үй шаруасымен айналысу жайында пікірі сұралды. Респонденттердің көбі (67%) үй шаруасымен айналысу әйелдің табиғи және ерікті міндеті екеніне сенімді. Бір қызығы, мұндай оймен ер адамдар да (47%), әйел адамдар да (53%) келіседі. Респонденттердің 26%-ы әйелдердің үй шаруасымен айналысуы көбіне мәжбүрлі міндеті екеніне сенімді. Бұл деректер бір жағынан қазақстандық отбасылардың патриархалдық құрылымының дәстүрлі парадигмасын растайды. Екінші жағынан, қазақстандықтардың төрттен бірі әйелдердің үй шаруасымен айналысуға мәжбүр екенін мойындайтынын көрсетеді. Сонымен бірге, төрт респонденттің үшеуі (75%) отбасындағы теңдікке қарсы емес және ер мен әйел үй шаруасын бірге жүргізіп, бірге табыс табуы керек деп санайды. Респонденттердің бестен бір бөлігі (22%) ер адам “асыраушы”, ал әйел адам “отбасы – ошақ қасы” болатын отбасы моделін қалайды. Олар әйелдер үй шаруасымен айналысуы керек, ал ерлер отбасын қамтамасыз етуі қажет деген оймен келіседі.  width= Қазақстандықтардың әйелдердің еңбек құқығына қатысты көзқарасы – гендерлік теңсіздік контексіндегі тағы бір басты фактор. Респонденттердің 65%-ы әйел адам табысты мансап пен отбасылық өмірді бірге алып жүре алатынына сенеді. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (29%) мұнымен келіспейді. Олар әйел адамға табысты мансап пен отбасылық өмірді бірге алып жүру қиын деген ойда. Мұндай пікір мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тапшылығымен байланысты болуы мүмкін. Қазақстандық сарапшылар мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда бала күтімі бойынша көрсетілетін қызметтердің көбеюі әйелдердің еңбек нарығына шығуына ықпал ететініне сенімді. Сауалнама барысында респонденттерден Қазақстандағы әйелдердің ақысыз еңбегін азайту үшін неғұрлым тиімді шараларды таңдау ұсынылды. Бұл сұраққа жауаптың бірнеше нұсқасын таңдауға мүмкіндік берілді.
  • респонденттердің көбі (61%) әйелдерге қысқартылған не икемді жұмыс кестесі секілді еңбек жеңілдіктерін ұсыну қажет деп санайды;
  • респонденттердің жартысы (49%) балабақша не бала күту қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету керек екенін атап өтті;
  • респонденттердің 45%-ы әйелдердің еңбек құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту әйелдердің ақысыз еңбегін азайтудың маңызды шараларының бірі екеніне сенімді. Олар әйелдердің еңбегін ерлермен қатар төлеу маңызды дейді;
  • 44%-ы үй шаруасын ер мен әйел арасында теңдей бөлуді ұсынады. Теңсіздікті жеңу үшін ескірген гендерлік стереотиптерді қайта қарау керек.
 width= MediaNet сауалнамасының нәтижесі теңсіздікті азайту жолы – әйелдердің еңбек құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту қажеттігін қоғам болып мойындау екендігін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысына жуығы үй шаруасын әділ бөлу және әйелдердің еңбегін ерлермен тең дәрежеде төлеу маңызды екеніне сенімді. БҰҰДБ ұсыныстарына сәйкес, ақысыз еңбекті әділ түрде бөлу барлық мүдделі тараптың, яғни ерлер мен әйелдердің, үкіметтің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен күш-жігерін талап етеді.