Алматы облысында браконьерлер сібір елігін атып, оны ат құйрығына байлаған
Алматы облысында браконьерлер сібір елігін атып, оны ат құйрығына байлаған
324
оқылды

Алматы облысында браконьерлер сібір елігін атып, оны ат құйрығына байлап қойған. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев Facebook парақшасында хабарлады.

«Алматы облысында браконьерлер сібір елігін (еркегі екен) атып, оны ат құйрығына байлап жіберіпті. Іле Алатауы ұлттық паркі Түрген филиалының инспекторлары Қ.Әшімов, М. Байтасов, К. Жылқайдаровтар рейд жүргізіп, Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қорығының аумағынан Алматы облысының екі тұрғынын екі мылтығымен қоса ұстаған. Олар салт атпен жүрген. Әлгі браконьерлер атқан олжасын сол қалпы ат құйрығына байлап қойған. Оларды ұстап жатқанда елік байланған ат үркіп, ауылға қашқан. Алдымен браконьерлерді құрықтаған инспекторлар артынша елік байланған атты да ұстаған», - деп жазды Олжас Беркінбаев.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.