Шығыс Қазақстан облысында күн жылынып, жаңбыр жауған. Нөсер жауын салдарынан көлемі 1250 текше метр қар көшті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 6 наурыз күні сағат 18:40-та Қатонқарағай ауданында «Согорное-Барлық» жолының 16-шақырымында болған. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Зардап шеккендер жоқ.
«Қазселденқорғау» мен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар көшкіні қаупі бар екенін ескертеді.