Бүгін сағат 15-20-да Ақмола облысының Шортанды ауданында Бозайғыр ауылының маңында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында жаппай жол апаты болды, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін оқиға орнына Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары дереу шықты.
«Оқиға орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 16 қызметкері мен 4 техникасы, мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 9 қызметкері мен 3 техникасы зардап шеккендерді құтқару және адамдарды эвакуациялау бойынша көмек көрсетуде. Сондай-ақ, оқиға орнында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, өңір полицейлері және жедел жәрдем жұмыс істеуде», - деді ведомстводан.
Анықталғандай, 7 жеңіл және бір жүк көлігі соқтығысқан.
«Құтқарушылар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар, жаппай жол апатына байланысты оқиға аймағында 100-ге жуық автокөліктің кептелісі орын алды», - деп толықтырды ведомстводан.