Санкциялар салқыны қымбатшылыққа ұласып барады
Санкциялар салқыны қымбатшылыққа ұласып барады
АҚШ пен Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясының зардабы мұнай мен газ бағасына әсер етті. Соңғы мәліметке сай, қара алтынның бір баррелі 139 доллар болып, 2008 жылдан бері рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұған АҚШ-тың мұнайды Ресейден импорттауына шектеу қойғаны да себеп. Қазір Конгресс палатасының өкілдері Ресей мұнайының импортына тыйым салу үшін тиісті заң жобасын қарастырып жатыр. Уашингтонның бұл мәлімдемесінен кейін Brent маркалы мұнайдың құны 18 пайызға шарықтап кеткен. Экономикалық шектеулер Еуропадағы газ бағасына да ықпалын тигізді. Аймақта көгілдір отынның бір мың текше метрі 2 500-2 600 АҚШ долларына саудаланып жатыр. Сарапшылар мұндай баға бұрын-соңды тіркелмегенін айтады. Ал мамандар басқа да тауарлар қымбаттап, Қазақстанға әсер етуі мүмкін екенін болжайды.