Павлодарда футбол командасының 22 жастағы жаттықтырушысы спорттық манеждің сыртына ұшып кеткен допты аламын деп алты метрлік биіктен құлап түсті. Ер адам ауруханада жатыр.
Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушысы хабарлады. Куәгерлер Instagram-да жариялаған видео жазбасында оқиға "Спорт сити" спорт кешенінде болғанын хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адамның миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, сан мен мойын омыртқасы зақымдалған. Ол қазір көпжарақат бөлімшесінде орташа ауыр жағдайда жатыр.
Спорт кешені оқиға болғанын растады.
"Ақсу" ФО командасының жаттығуы кезінде доптардың бірі алаңнан ұшып кетіп, тренажер залының төбесі мен ғимараттың екінші қабаты төбесінің арасына тұрып қалды. Ойыннан кейін футбол орталығының жаттықтырушысы допты аламын деп, қауіпті аймаққа көтерілгенде, аспалы төбеге аяғын қойып, төбе құлайды. Салдарынан ол шамамен 6 метр биіктен құлады", - деді "Ертіс" олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Рахметолла Қасқырбаев.
Оның айтуынша, зардап шегуші спорт кешені қызметкерлерінің рұқсатынсыз ғимараттың үстіне көтерілген.
"Бұл оқиға төбенің дұрыс салынбауынан емес, белгіленген шектеулерді орындамаған жаттықтырушының ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығынан болды. Ол жерге мүлдем шығуға болмайды және команда әкімшісі бұған жол бермеуге міндетті еді", - деді Қасқырбаев .