Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 13,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 14,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 12,50% болды. Мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыру туралы шешім Ұлттық Банктің геосаяси тәуекелдерді және инфляциялық процестердің жеделдеу тәуекелін арттыруға ықпал етуіне орай негізделді. Бұл ретте сыртқы және ішкі макроэкономикалық ахуал бұдан былай да нашарлаған жағдайда монетарлық талаптарды одан әрі күшейту үшін кеңістік қалады.
Инфляцияның барлық құрамдас бөліктері бойынша бағалардың өсуі аясында 2022 жылғы ақпанда жылдық инфляция 8,7%-ға дейін көтерілді. Азық-түлік тауарларының бағасы нан-тоқаш өнімдері мен жарма, көкөністердің қымбаттауына байланысты 10%-ға көтерілді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,6%-ға дейін (8,5%) ұлғайды. Тұрмыстық техника, жиһаз бен тұрмыста қолданылатын тауарлар бағасының жоғары өсімі сақталып отыр. Бензин мен дизель отыны бағаларын уақытша реттеу жағдайында жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығында дезинфляция байқалады.