Әнші Бүркіт Ресей мен Украина қақтығысына байланысты пікір білдірді
Әнші Бүркіт Ресей мен Украина қақтығысына байланысты пікір білдірді
©tengrinews.kz
681
оқылды

Әнші Бүркіт Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты пікір білдіріп, ресейліктерді қолдап отыр. Ол бұл пікірін Қайрат Құдайбергеннің Украинаны қолдаған жазбасының астына жазып кеткен.

«Қайрат бауырым, үгіттеуіңді доғарсаңшы. Ресей – мықты мемлекет және мықты болып қала береді де! Бұл жерде дұрыс істеп жатқандар жоқ. Әркімнің өз шындығы бар! Соғыс деген жаман! Бірақ мәселенің түп тамырына назар аударған жөн», – деген ол. Алайда көпшілік оны бұл сөзі үшін сөгіп, сынға алды.  Осыдан кейін Бүркіттің өзі парақшасына жазба қалдырып, саясаткер еместігін және ешқашан ұлтқа бөлінбейтінін айтты. «Соғыс жаман. Қалай айтсам да, мен болып жатқан жағдайға, әрине, қарсымын! Жәй, қарапайым халық зардап шегіп жатыр. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бұның бәрі жақсылыққа әкелмейді. Кішкентайымыздан орыс болсын көршілеріміз, грек, украин, өзбек болсын, бәріміз бірге тату-тәтті өмір сүрдік. Қазіргі жағдайға қарасаң, денең түршігеді. Бейбітшілік болсыншы. Мен барлық адамдарды жақсы көремін және ешқашан ұлтқа бөлмеймін», ― деп жазды ол Instagram парақшасына.