Еуроодақ Ресейден мұнай, газ және көмір сатып алудан бас тартпақ
Еуроодақ Ресейден мұнай, газ және көмір сатып алудан бас тартпақ
©inbusiness.kz

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейден өңделмеген мұнай және кейбір мұнай өнімдерін, сұйытылған табиғи газ бен көмірді импорттауға тыйым салды. Бірақ олардың импортты қашан шектейтіні белгісіз. Бұл туралы  inbusiness.kz хабарлады.

"Белең алған тұрақсыздыққа, стратегиялық бәсекелестікке және қауіпсіздікке тап болдық, сондықтан біз өз қауіпсіздігіміз үшін жауапкершілікті арттырып, еуропалық егемендігімізді нығайту, тәуелділігімізді азайту, 2030 жылға арналған даму мен инвестициялардың жаңа моделін жасау үшін батыл қадамдарға барамыз деп шештік", – деп жазылған Версальдағы ЕО саммиті декларациясының жобасында.