Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3 қызметкері ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3 қызметкері ұсталды
© liter.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2 қызметкері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 1 қызметкеріне қатысты пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Informburo.kz сауалына Ұлттық қауіпсіздік комитеті берген жауабында хабарлады. 
"ҰҚК Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-2-тармақтары  – "Пара алу" бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2 қызметкеріне және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің 1 қызметкеріне қатысты қылмыстық істі тергейді. Олар Ақтөбе өңіріндегі шаруа қожалықтарының иелерінен пара алған. Сондай-ақ бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін пара алған Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің қызметкері де тергеледі", – делінген хабарламада.
Ұсталған тұлғалардың ауыл шаруашылығы саласындағы қылмысты тергейтін жедел тергеу тобының құрамына кіргені анықталды.