Миллион доллармен – шетелге
Миллион доллармен – шетелге
205
оқылды
2022 жылдың ақпанында жеке тұлғалар шетелдерге декларацияланбаған 1 миллионға жуық АҚШ долларын алып кетпекші болған. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. «2022 жылдың ақпан айының өзінде ғана бірқатар әуежайдағы кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарын алып кетудің 51 фактісі анықталды. Декларацияланбаған қолма-қол ақшаның сомасы 995 410 АҚШ долларын құрады» деп хабарлады ведомство. Бір ғана елорда әуежайынан декларацияланбаған ірі сомадағы қаражат шығарудың 9 фактісі тіркелді. Олардың шекара асырмақшы болғаны қаражаттың жалпы сомасы 219 мың 414 АҚШ долларын құрайды.

Шынболат АТЫХАНҰЛЫ