Қазақстандық диджей әрі музыкалық продюсер Иманбек Зейкеновке «Ақсу» футбол клубының директоры Әлихан Лесов командаға әнұран жазып беруді ұсынды. Ол бұл жайында Лесов YouTube желісіндегі BorodAbata жобасына берген сұхбатында атқан болатын.
– Иманбек өзі Ақсу қаласының тумасы, осында өсті. Сол себепті де оған «Ақсу» ФК бренд-амбассадоры болуды ұсынбақпын. Тіпті, туған жерінің командасына әнұран жазып берер. Иманбек, біз сені күтеміз», – деді Әлихан Лесов.
Еске алсақ, Иманбек былтыр Grammy сыйлығын Roses — Imanbek Remixі ремиксын жазғаны үшін алған. Сол жылы Иманбек Billboard Music Awards сыйлығының «Үздік би/электрондық ән» номинациясының жеңімпазы атанды.