Пәтер бағасы тағы да қымбаттады: астанада бір шаршы метр – 590 мың теңге
Пәтер бағасы тағы да қымбаттады: астанада бір шаршы метр – 590 мың теңге
©tengrinews.kz
418
оқылды

Елімізде қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы күн санап өсіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға көтерілген.

Мамандардың айтуынша, бұл – соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жаңадан салынып жатқан құрылыстарда өсім бар. Бірақ ондай жоғары емес. Бар-жоғы – 0,4 пайыз. Әсіресе, елордада үй бағасы 10 пайызға қымбаттады. Қазір бір шаршы метрдің бағасы 590 мың теңге тұрады. Одан кейінгі өсім Атырау мен Талдықорған қалаларында байқалады. Алматыда пәтер бағасы 3 пайызға қымбаттаған.