Шымкентте тастанды нәресте табылды
Шымкентте тастанды нәресте табылды
©baigenews.kz
379
оқылды

Жаңа туған сәби Шымкент көшелерінің бірінен табылған. Бұл жайында Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов Instagram-дағы парақшасында жариялады.

– Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанында тастанды нәресте табылды. Нақтырақ айтсақ, сол маңайдағы адамдар тастанды сәбиді байқап қалып, колл орталыққа әкелді. Өте ауыр жағдайда түскен нәрестені жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Қазір сәби ауруханада, – деп жазған ол. Оның айтуынша, нәресте қатты тоңып қалған. Салмағы – 3 келі. Туғанына екі-ақ жұма болған.