Елімізде Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесі шешіледі – министрлік
Елімізде Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесі шешіледі – министрлік
©tengrinews.kz
237
оқылды

10 наурыз күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаев еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.  Сол жерде министр елдегі Голливуд фильмдерін прокатқа шығару мәселесі шешілетінін сөз етті.  Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компания басшылары қатысты.

– Қазір шетелдік үш компаниямен келіссөз жүргізіліп жатыр. Олар: Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures. Сол себепті олар бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге картиналарын ұсынуды жалғастырады. Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізіп жатыр. Тиісті келісімдерге қолжеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ", – делінген хабарламада. Министрлік келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан арғы жұмысы туралы ақпарат қосымша хабарланатынын жеткізді.