«Темір ретінде өткізе ме?» – тараздық ұрылар қақпа ұрлап жатыр
«Темір ретінде өткізе ме?» – тараздық ұрылар қақпа ұрлап жатыр
467
оқылды

Естімеген елде көп. Тараздық 92 жастағы тұрғынның ай-күннің аманында есік алдындағы қақпасын ұрлап кетті. Наурыз айының 7-нен 8-не қараған күні белгісіз адамдар оның үйіне жасырын кіріп, қақпасын көтеріп алып кетіп қалған. Оған қоса ұрылар қарияның тұрмыстық құралдарын да қолды қылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 30 және 21 жастағы тұрғындарын құрықтады. Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленген. 21 жастағы ұсталған азаматтың бұған дейінде осыған ұқсас қылмыс жасағаны  үшін  сотты болғаны  анықталып отыр. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.