Атырау ЖЭО энергетиктері Кәсіподақтар федерациясынан тариф саясаты мәселесіне байланысты көмек сұрады
Атырау ЖЭО энергетиктері Кәсіподақтар федерациясынан тариф саясаты мәселесіне байланысты көмек сұрады
363
оқылды

Төмен тарифтер - өңірдегі энергетика саласындағы төмен жалақының басты мәселесінің бірі. Бұл туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің Атырау жылуэлектрорталығында» өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі. 

Атырау облысына сапарында ҚР КФ төрағасы Атырау жылуэлектр орталығы кәсіпорнына барды. 60 жыл тарихы бар кәсіпорын Атырау қаласы мен облысты жылу және электр қуатымен қамтамасыз етеді. Тұрғындарға мұнда электр қуатының тарифі 1 кВт/с үшін - 5 теңге. Атырау тұрғындарына арналған электр қуатының шекті бағасы еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда өте төмен. Өйткені жергілікті газ жеткізуші әлеуметтік бағдарлама аясында жеңілдіктер қарастырған. Салыстыра кетсек, елордада 1 кВт/с үшін тұрғындар 15,22 теңге төлейді.
«Атырау жылу-электр орталығы» АҚ бас директоры Мақсот Әленовтің айтуынша, облыста 2021 жылдың төртінші тоқсанында орташа жалақы 420 мың теңге болса, ЖЭО-дағы бұл көрсеткіш 232 мың теңге болды. «Өңірдегі энергетиктердің жалақысының төмен болуы төмен тарифтік саясатқа байланысты. Бәсекеге қарсы ведомство бес жылға тарифті индексациялауды 4 пайыз мөлшерінде белгіледі, ол инфляциялық көрсеткіштен екі есе төмен. Соған қарамастан біз былтыр ЖЭО қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға көтердік. Алайда ол сонда да төмен күйде қалып отыр. Қазір наурыз айынан бастап жалақы мөлшерін 15%-ға көтеру мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді Мақсот Әленов.
Ол ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сабыталды Дәулеталинге өтініш білдірді.  width=
«Кәсіподақтар федерациясына осы мәселені шешуді салаға жауапты ведомство (ҚР Энергетика министрлігі) мен ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарысты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің алдына қоюды сұраймын», - деді ол.
Энергетика компаниясы жетекшісінің өтінішін тыңдаған, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестер алдында бұған дейін де тариф қалыптастыру мәселесін көтергенін және осы мәселені бақылауда ұстайтынын атап өтті.
«Федерация осы мәселе бойынша Үкіметке бұған дейін бірнеше мәрте жүгінді. Біз осы мәселені тағы да көтеруге дайынбыз. Экономикалық жағдайдың қиын екенін ескере отырып, біз осы сұрақты әлеуметтік әріптестер алдында тағы да қоямыз. Бұл жерде ең бастысы – тұрғындар, кәсіпорын және оның жұмыскерлері мүдделеріндегі теңдікті сақтау», - деді ҚР Кәсіподақтар федерациясының басшысы.
Сатыбалды Дәулеталин жұмыскердің әлеуметтік ынталандырудың жекелеген сұрақтары кәсіпорының конституциясы саналатын ұжымдық шартта ескерілуі тиіс екендігін еске салды.
«Ұжымдық шарт жұмыскерлерге арналған қосымша әлеуметтік кепілдіктерді қарастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оны жұмыскерлер өкілдерін тарта отырып әзірлеу керек, әрі еңбек ұжымының пікіріне барынша мән беру қажет», - деді ҚР КФ төрағасы.
Атырау ЖЭО-дағы ұжымдық шарттың мазмұны мен оның орындалуы жайында Сатыбалды Дәулеталинге кәсіпорын жұмыскерлері өздері айтып берді. Машинист-қараушы Аян Күлшиев кәсіпорында жасалған еңбек жағдайы көңілінен шығатынын, жұмысберуші барлық әлеуметтік кепілдікті орындайтынын айтып өтті. Ал, кәсіпорында 10 жылдан бері істеп келе жатқан 29 жастағы электрмонтер Бағытжан Жұмағалиев кәсіпорында істей жүріп мамандығы бойынша жоғары білім алғанын, тәжірибе жинағанын, ЖЭО-дан кетпейтінін мәлімдеді.  width=
«Он жыл бұрын осы кәсіпорынға 10 жас қызметкер бірге келдік. Солардың тек екеуі осында тұрақтап қалды, соның бірі мен едім. Барлығы адамға байланысты. Егер ол кәсіпті игергісі келсе, ерінбей аға буыннан үйренсе, энергетика саласына үлес қосамын деп ниеттенсе, онда бұл әркімнің қолынан келеді», - деді Бағытжан.
Айта кетерлігі, Атырау облысында энергетика саласында кадрлардың тұрақтамауы мәселесі бар. Өйткені өңірде мұнай саласындағы кәсіпорындарда табыс жоғары. Энергетик инженерлері мұнай саласына кетіп қалады. ҚР КФ төрағасы ЖЭО-ға сапарының соңында энергетиктердің жалақысының аз болуы мәселесін ҚР Кәсіподақтар федерациясы қолдауымен шешуге үміттенетін атап өтті.