14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді
14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді
148
оқылды
14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады, деп жазады порталдың Telegram-каналы. eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар: • логин / ЖСН енгізу; • құпиясөзді енгізу; • мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.
"Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады. 2FA немесе екі факторлы аутентификация - бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын", – делінген хабарламада.