ҚазАқпарат хабарлағандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Гауһар Нұғманова ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді Гауһар Нұғманова.
Жалпы отырыста палата депутаттары Г. Нұғманованы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.