Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағы уақытша жабылады. Бұл туралы Қазақстан авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов мәлімдеді.
Себебі ұшақ жолына төселген бетон жабындысы ескіріп, әуе көлігіне қауіп төндіруде.
– Әуежай 17 наурызға дейін ғана ұшақ қабылдай алады. Одан кейін ұшып-қону жолағын пайдалану тоқтатылуы тиіс. Сәйкесінше, жолаушылар мен жүк тасымалдау да тоқтатылады. Аэродром жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтағанша жабық болады, – дейді Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов.