17 наурыздан бастап Ақтөбе әуежайына ұшақ қабылдауға тыйым салынды

Ақтөбе
©aqtobegazeti.

Ақтөбе халықаралық әуежайының ұшып-қону жолағы уақытша жабылады. Бұл туралы Қазақстан авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов мәлімдеді.

Себебі ұшақ жолына төселген бетон жабындысы ескіріп, әуе көлігіне қауіп төндіруде.

– Әуежай 17 наурызға дейін ғана ұшақ қабылдай алады. Одан кейін ұшып-қону жолағын пайдалану тоқтатылуы тиіс. Сәйкесінше, жолаушылар мен жүк тасымалдау да тоқтатылады. Аэродром жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтағанша жабық болады, – дейді  Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі бас директорының орынбасары Нұрбек Бекмұхамбетов.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.