Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаментімен «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға жәрдемдескені үшін «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директорына қатысты қылмыстық іс тіркелді, ол өз қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерден бірнеше рет заңсыз 200 мың теңге ақшалай сыйақы алған, оған қатысты қылмыстық іс тіркелді.
"Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабының 4-бөлігі сотқа дейінгі тергеу аяқталып, прокуратураға жолданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін аса ірі көлемде "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқырды деген күдікпен белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қайда ұсталғанын жазған болатынбыз.