Жаһандық қор Қазақстанға соңғы екі жылда 15 милиион долларға жуық грант бөлген
Жаһандық қор Қазақстанға соңғы екі жылда 15 милиион долларға жуық грант бөлген
©dgkb9-khv.ru
541
оқылды
ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қоры 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта еліміздегі туберкулез және Ковидпен күреске 14 млн 743 мың 463 доллар көлемінде грант бөлген. Бұл туралы қордың Қазақстандағы өкілдігі таратқан мәліметте айтылды. Гранттың мақсаты – халықтың осал топтарындағы пациенттерге бағытталған Қазақстандағы дәріге төзімді туберкулезге қарсы тиімді әрекет ету. Негізі 2002 жылы құрылған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі қор G-global, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және басқа да көптеген халықаралық ұйымның бастамасымен БҰҰ-ның қамқорлығымен мемлекет пен жекенің әріптестігі және халықаралық қаржыландыру агенттігі ретінде жұмыс істеудә жолға қойған. Қордың осы дерт түріне қарсы күреске қосымша ресурстар тарту және тарату болып табылады. Штаб-пәтері Женевада орын тепкен қор жобалары Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Жаһандық қор Гранттарын жүзеге асыру тобы ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында орналасқан және осы орталықпен тығыз байланыстаы жолға қойған. Қордың еліміздегі өкілдерінің айтуынша, бөлінген гранттардың көмегімен Қазақстанда ДДСҰ ұсынған туберкулезді және осы дерттің дәріге төзімді түрлерін анықтау, диагностикалау және емдеудің барлық үздік әдістері енгізілуде. Жаһандық елімізге алғаш келген 2007 жылдан бері үздіксіз түрлі грааннтар бөліп келеді екен. Мәселен, 2007-2012 жж. «Қазақстандағы туберкулездің ауыртпалығын төмендету» бағытында туберкулезге қарсы ЖҚ грантының бюджеті 9 млн 114 мың 981,00 долларды құраған. Ал, 2010-2016 жылдарға бөлінген грант көлемі 54 млн 475 мың 094 АҚШ долларына дейін артқан. Осы грантқаржысымен Қазақстан дәріге төзімді туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен қамтамасыз етілді. Бағдарламалық қамтамасыз ету жетілдіріліп, республика бойынша «Туберкулезбен ауыратын науқастардың тізілімі» енгізілді. Соңғы бәлінге қомақты қаржының есебінен елімізде туберкулезді тез анықтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялы жабдықтар, бедаквилин және Деламанид секілді туберкулезді тиімді емдейтін жаңа дәрі түрлері сатып алынуда. Сонымен бірге туберкулезді анықтау, емдеу, туберкулез туралы ел арасындағы теріс түсінікті жою бағытында ерекше рөлге ие Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, олардың қызметіне көмектесу бағытында да тұрақты жұмыстар қолға алынған.